Сервер ережелері
QYRAN PROJECT • Тәртіпті сақтағаныңыз үшін рахмет!
1. Жалпы ережелер
1.1. Біздің серверде ойнай отырып, сіз барлық ережелермен келісесіз және олармен танысуға міндеттісіз.
1.2. Ережелерді білмеу жауапкершіліктен босатпайды.
1.3. Ережелер болашақта өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.
1.4. Әкімшілік әрбір бұзушылыққа байланысты жазаны өзі анықтайды. Сіз ескерту, уақытша бан немесе мәңгілік бан ала аласыз.
1.5. Сервер қызметтеріне жұмсалған қаражат ешқандай жағдайда қайтарылмайды.
1.6. Әкімшілікті алдау (жалған дәлелдер ұсыну немесе жаңылыстыру) тыйым салынады.
2. Ойын ережелері
2.1. Барлық ойыншыларды құрметтеңіз (жасына, ұлтына қарамастан).
2.2. Балағат сөздер, қорлау және токсик әрекеттерге тыйым салынады.
2.3. Әкімшіліктің рұқсатынсыз жарнама жасауға болмайды.
2.4. Ник (атыңыз) әдепті болуы керек (балағатсыз).
3. Ойын процесі және читтер
3.1. Үшінші тарап бағдарламаларын, модтарды, скрипттерді немесе читтерді қолдануға тыйым салынады. Жаза: Бан / Мәңгілік бан.
3.2. Серверге зиян келтіру (дюп, баг, лаг-машина және т.б.) — банмен жазаланады. Егер ақау байқасаңыз, хабарласыңыз — сіз сыйақы аласыз.
3.3. Қорлайтын, саяси немесе өзін әкімшілік ретінде көрсететін титул (/titul) немесе префикс (/prefix) қою — бан.
3.4. /mute және /unmute командаларын дұрыс пайдаланбау — бан.
3.5. Ережелерді қайта-қайта бұзу — сервердің қара тізіміне енгізіліп, ресурстарды толық жоюмен аяқталуы мүмкін.
4. Чат және қарым-қатынас
4.1. Шектен тыс балағат сөздерге тыйым салынады. Жаза: 20 мин мут.
4.2. Ата-анаға қатысты қорлау қатаң жазаланады. Жаза: 1 күн бан.
4.3. Саясат, дін және жанжал тудыратын тақырыптарға тыйым салынады. Жаза: 1 күн бан.
4.4. Спам, флуд и CAPS қолдануға болмайды. Жаза: 10 мин мут.
5. Құрылыс (постройка)
5.1. 18+ немесе қорлайтын құрылыстарға тыйым салынады.
5.2. Қажетсіз үлкен территорияны басып алуға болмайды.
5.3. Серверге лаг тудыратын фермалар жойылуы мүмкін.